Жоғары технологиялық 100% синтетикалық мотор майы сульфатты күлдікділігі классикалық, құрамында фосфоры мен күкірті (Full SAPS) бар, қуаты мен көлемі ірі, оның ішінде турбоүрлеммен және тікелей бүріккішпен жабдықталған жеңіл автомобильдердің заманауи бензин және дизель қозғалтқыштары үшін арнайы әзірленген. Көптеген автоөндірушілердің мақұлдағаны осы өнімді кепілдік қызмет көрсету мерзімінің ішінде де пайдалануға мүмкіндік береді. Кез келген отын түрімен: бензинмен, дизель отынымен, сұйытылған мұнай газымен (LPG), сығылған табиғи газбен (CNG) және биоотынмен жұмыс істейтін қозғалтқыштарға арналған . Катализдік бейтараптағыштармен үйлестіруге болады. Күмән туындаған жағдайда, қолданар алдында көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа жүгініңіз.