Mercedes-Benz MB 229.52 мақұлдауы бар және EURO IV, EURO V немесе EURO VI экологиялық нормаларының талаптарына сай мотор майларын пайдалану регламенттелген селективті-қалпына келтіруші тазалау жүйесімен (SCR) жабдықталған DAIMLER (Mercedes) концернінің “BlueTEC” дизель қозғалтқыштарының соңғы буыны үшін арнайы жасап шығарылған. Күлдік сүзгімен (DPF) жабдықталған Mercedes барлық қозғалтқыштарында және МВ 229.51 немесе МВ 229.31 стандарттарына сай мотор майларын талап ететін кейбір бензин қозғалтқыштарында қолданылады. Mercedes-Benz MB 229.5 стандартына сай келетін мотор майларын талап ететін қозғалтқыштарда MB 229.5 мақұлдауы бар майларды, мысалы MOTUL 8100 X-CESS GEN2 5W-40, MOTUL 8100 X-MAX 0W-40 немесе MOTUL 8100 X-MAX 0W-30 қолданыңыз. Қолданар алдында автомобильді пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен танысу керек.