MOTUL SYSTEM KEEP CLEAN GASOLINE – бұл отын жүйесінде кірлердің түзілуіне жол бермейтін қосым, бүрку жүйесімен немесе карбюраторлық қуат беру жүйесімен жабдықталған, соның ішінде турболанған, катализдік конверторлармен жабдықталған, бензиннің, газ отынының (LPG) және биоотындардың барлық түрлермен жұмыс істейтін барлық бензин қозғалтқыштарында қолдануға арналған. MOTUL SYSTEM KEEP CLEAN GASOLINEбүкіл отын жүйесінде бар кірлер мен шөгінділерді тиімді кетіреді: • Инжекторлардың (бүріккіштердің) шүмектеріндегі шөгінділер. • Отын жүйесіндегі конденсат. • Жану камерасындағы және кіріс клапандарындағы шөгінділер. MOTUL SYSTEM KEEP CLEAN GASOLINE отын жүйесін тазалау барысында мінсіз майлануды қамтамасыз етеді және кетірілген түйіршіктердің қайта қонуына жол бермейді.